Шалғай ауылда тұратын отбасы айына 4 млн тауып отыр

Dalanews 01 февр. 2021 10:56 1100

Ауылда отырып-ақ миллиондап табыс табуға болады. Ол үшін тек жүйрік интернет, ынта мен ниет болса болғаны. Қостанай облысының шалғай ауылында тұратын Жұмағаливтер отбасы әлеуметтік желінің игілігін игеріп, айына 4 миллион табыс тауып отыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіні кіріс көзіне айналдырғандар көп. Бірақ ауылда отырып-ақ, айына миллиондап табыс табатындар некен саяқ.

Қостанай облысының Жалдама ауылы. Небары 50 шақты түтін бар мұнда. Елдімекендегі негізгі табыс көзі мал шаруашылығы. Бірақ Жұмағалиевтер отбасы замануи трендтерді игеріп, тәп-тәуір кіріс көріп отыр. Шалғай ауылдағы шағын шаңырақ әлеуметтік желі арқылы айына 4 миллион ақша табады.

Асланбек Жұмағалиев, Жалдама ауылының тұрғыны:

 
Қазіргі уақытта Сізде жақсы интернет пен смартфоныңыз болса, сіздің қолыңыздан келетін нәрселер фантазияңызбен ғана шектеледі. Осындай шағын ауылда тұрып, барлық әлем танитын, әлем көретін видеолар жасауға болады.

 

Асланбек алғашқы миллионын 21 жасында тапқан. Ютуб желісіне бар-жоғы 1 сағат уақытын бөліп, 10 минуттық танымдық видео дайындайды. Қазір оның қолданыстағы каналына 1 миллион адам жазылып үлгерген екен. Әлемге әйгілі желі Асланбектің еңбегін елеп, күміс батырмасын сыйға тартқан.

Асланбек Жұмағалиев, Жалдама ауылының тұрғыны:

 
Қазақстандағы танымал блогерлердің біріне инстаграмм, ютуб страницаларын дамытуға көмектестім. Сөйтіп уақыт өте келе ойладым. Неге мен біреулерге көмектесіп жүрмін, бірақ өзім неге сонымен айналыспасқа деп. Сөйтіп 2019 жылы өзімен канал ашып, 1 жарым жылда 1 миллион подписчик жинадым.

 

"Тек ғаламтордың әлсіздігі ғана қолбайлау", дейді жас блогер. Ниет пен ұмтылыс болса, ол да кедергі емес. Үйден шықпай-ақ әлемді бағындыруға болады. Отанасы мен үйдің кенжелері де хоббилерін кіріс көзіне айналдырып үлгерген екен.

Ажар Қожахметова, Жалдама ауылының тұрғыны:

 

Ұлым Асланбектің айтуы бойынша, мама үйде отырып та ақша табуға болады. Сүйікті ісіңізбен айналысқыңыз келсе, жасаған тамақтарыңызды күнде видеоға түсіріп отырасыз да, солай болад дегеннен кейін таныстарым, достарым тамақтарымды мақтап жатады. Басында қорқыныш болды, ыдыстарым онша емес, қаладағыдай асханам жоқ деп. Ыңғайсыздандым. Бәрі шынайы, шынайылықты жақсы көреді.

 

Қазір желі қолданушылары жылтыраған өмірден жалығып, барынша шынайылыққа бет бұруда. Сондықтан да Жұмағаливтер осы бағытты ұстанған. Дубайдағы демалыста жасалған контенттен гөрі, қора-қопсыда сиыр сауып жүрген видеолар көп көрілім жинайды. "Осы орайда, маңыздысын ұмытпаған жөн", дейді Жұмағалиевтер. Интернет арқылы ақша табамын деп, жеңілдің үсті, ауырдың астымен жүруді әдетке айналдырмау.

https://youtu.be/U21aPrGXqmE

Рекомендовать
Последние новости