Шағын жинақталған мектептің келешегі кемел

Dalanews 14 июн. 2016 23:14 1098

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қазіргі қазақ мектебінің жай-күйін талқылау мақсатында «Шағын жинақталған мектептің білім беру үдерісіндегі интеграция мен дифференциация» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференция жұмысына Моңғолия, Ресей сынды алыс-жақын шет елдердің және еліміздегі университеттердің жетекші ғалымдары мен ұстаздар қауымы қатысты.

Халықаралық конференцияда шағын жинақталған мектептердің оқу тәрбие үрдісін жетілдіру, дамыту, мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін шыңдау, біліктіліктерін арттыру, оларды қайта даярлау мәселелері, материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, шағын мектептерге оқулықтар дайындау істері бойынша отандық ғалымдардың, мектеп басшыларының, мектеп мұғалімдерінің ой-пікірлері қарастырылып, шағын жинақталған мектептердің бүгінгі жай-күйі, даму үрдісі талқыланды.

«Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасының көтеріп отырған шараларының басты мақсаты – қазіргі кезеңдегі ғылым мен инновация мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыда талдау, шағын жинақталған мектептің оқу тәрбие үдерісінің өзіндік ерекшеліктерін, мұғалім шеберлігі мен біліктілігін арттырудың жолдарын және білім беру мазмұнының интегративтік және дифференциалдық сипатын ашу болып табылады.

Шараға қатысқан ғалымдар мен мектеп басшылары конференция жұмысына жоғары баға беріп, қазіргі таңда көкейкесті мәселелерді көтеріп отырған Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің ұжымына алғыс білдірді.

Қазақ мемлекеттік қыздар университетінің атынан конференцияға атсалысқан облыстық білім басқармаларының басшыларына алғыс білдіреміз. Қазақстанның барша мұғалімдерімен  өзара ынтымақтасып, болашақта ұлтжанды, ақылды, парасатты ұрпақ тәрбиелеуге  сүбелі үлес қосатын болады.

Б.С.Қылышпай, «Қазақ мектебінің даму мәселелері» зертханасының меңгерушісі

 


Рекомендовать
Последние новости