Семейдегі әскери госпитальдегі жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлінді

Ақтоты Жапатова 09 июл. 2025 15:00

Абай облысының әкімі Берік Уәли қаланы аралау барысында Семейдегі әскери госпитальде болып, жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінгенін айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Екі қабатты әскери госпиталь ғимараты 75 төсек орынға арналған. Мұнда рентген, компьютерлік томография, флюрография кабинеттері бар.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Семей, Павлодар қалалары және Жарма ауданының Жаңғызтөбе кентінің әскери гарнизондарына медициналық қызмет көрсететін мекемеде 2024 жылдың желтоқсан айында күрделі жөндеу басталған. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары толық жүргізілген, алайда қаржылық қиындықтарға байланысты сыртқы жөндеу, электр желілерін тарту, жылыту және желдету жүйелерін орнату, ішкі әрлеу жұмыстары тоқтап тұр. Нысанды толық аяқтау үшін қосымша қаржы қажет.

Аймақ басшысы бұл мәселенің шешім табатынын жеткізіп, облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінгенін айтты.

«Әскери госпиталь 1995 жылы пайдалануға берілген. Содан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген екен. Құрылыс жұмыстары басталып, тоқтап қалған екен. Облыстық бюджетті соңғы нақтылауда қосымша 540 миллион теңге қаржы бөлдік. Құрылысты толық аяқтау үшін республикалық бюджеттен қаржы сұраған болатынбыз. Мұны Парламент Мәжілісінің комитет төрағалары Нұртай Сабильянов пен Айгүл Құспан да қолдап отыр», - деді облыс әкімі.


Рекомендовать
Последние новости