Семейде жаңа саябақтар салынады

Ақтоты Жапатова 12 мая 2025 09:03 237

Семей қаласының Қарағайлы және Юность ықшам аудандарында саябақтар салынады. Абай облысының әкімі Берік Уәли жаңадан бой көтеретін нысандардың жобасымен танысты, деп хабарлайды Dalanews.kz

«Юность» шағын ауданындағы саябақта кіші сәулет нысандарын орнату, футбол, баскетбол, балаларға арналған ойын алаңдарын салу жоспарланған. Демалыс орнының жалпы ұзындығы 1 шақырымды құрайды.

Қарағайлы шағын ауданында салынатын саябақта жасыл желек отырғызылып, серуен жолдары, сахна және мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар бой көтеретін болады.

Саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне құрылысты бастап,сапалы әрі мерзімінде аяқтауды тапсырды.

"Бұл саябақтардың ерекшелігі, халыққа қызмет көрсетететін, тұрғындардың демалуына, балалардың алаңсыз ойнауына мүмкіндік беретін қоғамдық орындар қарастырылған. Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру үшін шаһардағы саябақтар санын көбейтуіміз керек. Тек қана бүгінгі сенбілік барысында шаһарда 400-ге жуық шырша, көк терек көшеттері отырғызылды. Бұл бағыттағы жұмысты жандандырамыз. Облыс орталығындағы басқа саябақтарды да жаңғыртып, жаңартатын боламыз", – деді аймақ басшысы.


Рекомендовать
Последние новости