Семей өз қаржысын өзі игереді

Dalanews 15 февр. 2016 04:55 811

Семей қаласының салықтан түсетін бюджеттік кіріс бөлігі биыл толығымен қаланы көркейтуге, дамытуға жұмсалмақ. Бұл негізінен Марат Құрманбай бастаған облыстық мәслихат депутаттарының өткен жылдың соңында жасаған ұсынысы бойынша жүзеге асып отыр. Яғни, облыстық бюджетке салықтан түсетін соманың 13-тен 24 пайызға дейінгі көрсеткішін (1 млрд. 800 млн.теңге) қала қазынасында қалдыру туралы семейлік депутат М.Құрманбайдың көтерген мәселесі облыстық әкімдік тарапынан қолдау тапты.

Жақында өткен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің есеп беру кездесуіне арнайы қатысқан Даниал Ахметов енді осынау қаржының қалалық әкімдік тарапынан дұрыс игерілуін қаладағы ықпалды, іскер азаматтар да назарда ұстауы қажеттігін атап көрсетті. Семейдің орталық көшелеріне ағаш отырғызу, орталық алаңдағы субұрқақтың пайдалануға берілуі, веложолдар төселіп, үш балалар және екі спорт алаңдарын салу осы қаржыға жоспарланып отыр. Сонымен қатар қаланы дамыту мақсатындағы өзге де игілікті істер семейліктерді қуанышқа бөлейтін болады.
Сәтжан Қасымжанұлы,

Семей қаласы. 

Рекомендовать
Последние новости