«Semey Bus» семейліктерді жаяу қалдырды». Лизингке алынған 170 автобустың 70-і пайдалануға жарамсыз.

Dalanews 02 сент. 2021 04:43 1092

Бүгінгі таңда «Semey Bus» ЖШС басшылығының салғырттығы қаладағы қоғамдық көлікке қатысты өзекті мәселенің туындауына әкеп соғып отыр.

Кәсіпорын қызметкерлері қоғамдық көліктер дұрыс қолданылып, қажетті техникалық қызмет көрсетілген жағдайда қала ішіндегі автобустардың барлығы тоқтамайтынына сенімді.

Бірақ жауапсыз басшылық бастапқыда бұл жобаны жүзеге асыруға немқұрайлы қараған. Нәтижесінде Семей тұрғындары мекеменің жұмысын сынға алып, наразылық танытқан болатын.

Бүгінгі таңда техникаларға тексеру жүргізілуде. 50-ге жуық автобус күрделі жөндеуді қажет етеді.

Қозғалтқыштарсыз, күш агрегаттарынсыз, дөңгелектерсіз және басқа да жинақтаушы бөлшектерсіз берілген автобустарды күрделі жөндеу үшін уақыт керек. Дегенмен, бұл көліктер жөнделіп, алдағы уақытта халықтың игілігі үшін жұмыс істейтін болады.

Рекомендовать
Последние новости