«Seeds for the Future 2022»: Біздің студенттер мүмкіндік алды

Dalanews 11 окт. 2022 08:34 840

«Seeds for the Future» – Huawei компаниясының жаһандық оқыту бағдарламасы. Бұл тәжірибе алмасуға және ақпараттық-технология бойынша білім көкжиегін кеңейтуге, сондай-ақ талантты жастарды ынталандырып, индустрия мен цифрлық қоғамдастыққа қатысуға деген қызығушылығын арттыруға арналған жоба.


Бүгінгі таңда «Seeds for the Future» бағдарламасына әлемнің 500 университетінен 137 мемлекет және аймақтарынан өкілдер қатысуда. Бағдарлама алғаш іске қосылған 2008 жылдан бері тәжірибеден 12 000 таңдаулы үздік жас өтті. «Seeds for the Future» бағдарламасы Қазақстанда 2018 жылдан бастап жүзеге асып келеді. Мұндағы мақсат – ақпараттық-коммуникация технологиялар саласында жаңадан жұмыс бастаған жастарға қажетті дағдысын қалыптастырып, тәжірибе беру.

2018-2019 жылдары еліміздің жоғары оқу орындарының студенттері арасынан іріктеліп алынған 20 қазақстандық студент Қытайдағы Huawei штаб-пәтерінде болып, екі апта бойы озық технологиялармен танысты. Олар жетекші ақпараттық-коммуникациялық технологиялар корпорациясының инновациялық зертханаларында соңғы заманауи құралдармен жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары «Seeds for the Future» бағдарламасы жергілікті және халықаралық сарапшылардың қатысуымен бүкіл әлемде онлайн режимінде өткізілді. Студенттер iLearning жүйесінде бір апталық онлайн тренингті оқып, онда 5G, жасанды интеллект, бұлттық технологиялар және т.б жаңа инновациялармен танысты.

Қазақстанда бұл бағдарламаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігі, Қазақстандағы ҚХР елшілігі, Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі, Beeline және т.б. компаниялар қолдау көрсетіп, сарапшы ретінде осы ортадан табылды.


Huawei компаниясы Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы техникалық мамандықта (STEM) оқып жатқан жоғары курс студенттерін бағдарламаға қатысуға шақырады. Өтініштер 2022 жылдың 21 қазанына дейін қабылданады. Бағдарламаға қатысу және тіркелу үшін Google форманы толтырып, өтінімді барлық құжаттармен бірге aiman.sakhova@huawei.com электрондық поштасына жіберу керек (файлдары бар ықшамдалған папка немесе бұлттық қоймаға сілтеме жасалады).

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

• Ағылшын тіліндегі түйіндеме

• Үміткердің оқу үлгерімін растайтын транскрипт немесе тиісті құжаттар

• 3 минуттық жеке бейне немесе АКТ негіздерін білетіні жөнінде, сондай-ақ Қытай мемлекетіне деген қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығын көрсететін 400-600 сөзден тұратын мотивациялық хат

• Қажет болған жағдайда қосымша материалдар.

Үміткерлерге қойылатын критерийлер:

•Үздік университеттердің оқу үлгерімі жақсы бакалавриат-аспиранттарының АКТ индустриясы мен Қытайға және оқуға деген құлшынысы зор болуы керек

• GPA 3.0 немесе одан жоғары және факультетте рейтингі 30% жоғары болуы тиіс

• Ағылшын тілінің жоғары деңгейі.

Іріктеудің алғашқы кезеңінен өткен студенттер Huawei компаниясы өкілдерімен сұхбатқа шақырылады. Соның нәтижесі бойынша үздік студенттер 2022 жылдың қарашасында басталатын бағдарламаның қатысушысы атанады. Жоба ағылшын тілінде өтеді.

Huawei – ақпараттық коммуникация және инфрақұрылымдық шешімдердің, сондай-ақ ақылды смарт құралдардың жетекші жаһандық жеткізушісі. Компания жұмысының негізгі бағыты –телекоммуникация желілерін, ақпараттық технологиялар, смарт құрылғылар және бұлттық қызметтерді дамытып келеді. Huawei цифрлық технологияны бизнеске де, тұтынушыларға да қолжетімді етуге тырысып, осылайша интеллектуалды, мінсіз байланыс әлемін құруға талпынады. Huawei компаниясының кешенді портфолиосындағы өнімдер, шешімдер мен қызметтер жоғары сенімділікке ие және бәсекеге қабілетті. Компания экожүйе бойынша серіктестерімен ашық жұмыс істей отырып, өз тұтынушыларының мүмкіндік алаңын кеңейту арқылы коммерциялық әлеуетін арттырады.

Huawei инвестицияның едәуір бөлігін әлемдік прогресті ілгерілететін іргелі зерттеулерге бөледі. Компанияда әлемнің 170-тен астам елінен 188 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Huawei - 1987 жылы құрылған жеке компания. Ол толығымен қызметкерлердің құзыретінде.

Рекомендовать
Последние новости