Сайрамда Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Жарбол Кентұлы 24 окт. 2024 11:04 1337

Сайрам ауданында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық мерекенің мазмұны мен мәні ашылып, онда отаншылдық сезімі дәріптелді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған іс-шарада аудан әкімі Арман Сәбитов аудан тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады.

Сонымен қатар өз саласы бойынша ауданның  өркендеуіне септігі тиген бір топ аудан тұрғындары мен ауыл шаруашылығы саласындағы еткен еңбегі және жетістігі үшін мекемелер, сондай-ақ үздік ауылдық округ әкімдері аудан басшысының қолынан алғыс хат алды.

Одан кейін, аудан әкімі Арман Сәбитұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов ауданның өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстап, кеуделеріне төсбелгі тақты.

Осылайша, Ұлттық мереке қарсаңында бірқатар азаматтардың мерейлері өсіп, сан түрлі мақтау, мадақтауларға ие болды.

Мерекелік кеш мағыналы әрі мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Театрландырылған қойылымдар ұсынылып, қазақтың тарихынан сыр шертілді. Жиналғандардың делебесін қоздыратын, патриоттық сезімін оятатын отаншылдық бағытындағы әндер шырқалды.


Рекомендовать
Последние новости