Саяси партиялар сыналар сәт туды...

Dalanews 26 янв. 2016 04:50 1125

Қазақстанның өткені мен бүгінгі тарихында еліміздің мүддесі ерекше аталатын бөлімі - ел тарихы. Сол тарихымызды таразылау ісі бүгінгі біздердің санамызға сәуле құю және ертеңгі ұрпақтың мүддесі үшін жасалатындығы шындық. Егер ол шындық болса, ертеңгі тарихтың жасаушылары біздерміз. Бүгінгімізге бей-жай қарай алмайтындығымыз сондықтан шығар...

[caption id="attachment_13060" align="alignleft" width="316"]Президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кездегі ШҰАР Партия комитетінің екінші хатшысы Асхат Керімбай Құлжа қаласында қазақ отбасына барған сәт.[/caption]

Кешегі "союз" уақытында ел билігінде кімдер болды десек, айтылмақ ой өздігінен айқындалары сөзсіз... Кешелі-бері "Шеттен келген ағайындардан да Мәжіліс депутаты болса екен!" - деген БАҚ-та жарық көріп жатқан өтініштерді оқып отырып, ойыма өз әулетіміздің тарихы түсіп кетті.

Менің атам Құрманғали 1922 жылы Жетісудың Ақсу бойынан "Кешегі хан ұрпағы" деген желеумен қудаланып, Қытайдың "Жырғалаң" деген жеріне ауып барып, қоныстанған. 1924 жылы қалған туыстары мен ауылын да көшіріп әкетіпті. «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?!» демекші, заманның қиындығы ғой оларды қыр асырған. Отыз жылдан аса тұрып, ірге көмеді. Құлжа маңындағы Жырғалаң ауылында немере інісі Дәуітбай Мұсабекұлының мектебін ашады. Ол мектеп "Дәуітбай мектебі» аталып, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарына дейін сақталыпты. Кейіннен ақалақшы Дәулетбай (әлде Дәуітбай) деген кісі сол жерде жаңа мектеп салдырып, қазір сол кісінің атындағы қазақ мектебі аталады екен. (Шешемнің туған інісі Бидахмет нағашыммен әкемдер хат-хабар алып тұрды. Оның бала-шағасын кейіннен көшіріп алдық. Қазір Талдықорған жанындағы Алдаберген ауылында тұрады). Ондағы қазақтармен құдандалы болып, біте қайнасады. Есін әбден жиып, ел қатарын қосылғанда, ол жақта дауыл тұрады. Жиған-тергенін үкімет тәркілеп алады. Сонымен 1958-1959 жылдар советтік Қазақстанға қайта қоныс аударуға ниеттенеді. Алайда, рұқсат ала алмай әкем Рысбек Қырғызстанға өтеді. Сонда екі-үш жыл мал бағып, сонан соң Алматыға, сәл кейін Талдықорғанға, туып-өскен жеріне оралады. Атам Құрманғалидың сүйегі сол жақта жатыр. Үйірінен бөлініп қалған туыстарымыз да аз емес. Алды келіп, арты жете алмай жатқан жағдайы бар...

Өткенде екі журналистке берген бейресми сұхбатында Елбасымыз «Егер естеріңізде болса, 1961 жылы жүз мыңнан артық қазақ Қытайдан келген болатын. Қазір олардың бәрі қазақстандық болып кетті ғой! Олардың балалары, немерелері...» деді ғой. Сол жүз мыңнан артық қазақтың ішінде де қаншама елдің тірегі болар, атпал азаматтар, зиялылар келді ғой. Өкінішке орай, соның бәрі сенімсіз адам ретінде қаралып, ауыл арасының қара жұмысына жегілді.

[caption id="attachment_13058" align="alignright" width="386"]Бұқара Тышқанбаев Естеу Нүсіпбек пен Бұқара Тышқанбаев[/caption]

Мысалы, Іле Қазақ автономиялы облысының әкімі болған кешегі Жағда Бабалықтың қандай өмір кешкені туралы айтып жату артық шығар. Үрімжіде Мәдениет министрі болған, Таңжарық Жолдыұлының күйеубаласы Бұхара Тышқанбаев та аудан көлемінен аттап арыға бара алған жоқ. Арғы беттің қазағы аңыз етіп айтатын ақын Нұрсапа Аманжолов пен Естеу Нүсіпбеков те аудандық газетті місе тұтты. Әйтпесе, осы екі қаламгер де өлке орталығы Үрімжідегі Үлкен қызметтен келген болатын. Ал, Ахмет Жүнісовтың даңқы тіптен бөлек болатын. 1961 жылы атамекеніне қайтып оралғаннан кейін өмірі тұйықта өтеді. Оның алғашқы әңгімелері 50-ші жылдардың бас кезінен бастап жарық көреді. Шынжаң баспасынан шыққан алғашқы әңгімелер жинағына енген шығармалары кезінде қытай, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бүкіл қытай Жазушыларының Пекинде өткен съезіне қатысып, зор беделге ие болған соң, Шынжаң өңірінде Жазушылар одағын құруға тікелей ат салысады. Бірақ Қытайда басталған Мәдени революциясының кесірінен белгілі жазушылар мен ақындарға «ұлтшыл» деген қара күйе жағылып, түрме қаупі төнгеннен кейін, туған жері Қазақстанға кетуден басқа жол қалмайды. Сөйтіп 1961 жылы ата мекеніне қайтып оралғаннан кейін Ақсуат селосындағы орта мектепте ұзақ жылдар бойы әдебиет пәнінен дәріс береді. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін, соңғы жылдары Алматы қаласына қоныс аударған еді. Елге оралған соң ұстаздық ете жүріп, ол шығармашылық жұмыспен айналысты. «Жанасыл», «Өмір іздері», «Аласапыран кез», «Жолаушы» жинақтарында қазақтың басынан кешкен ащы оқиғалары баяндалған. Жазушының ең сәтті шыққан туындысы – «Пәниден бақиға дейін» атты кітабы. Бұл қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, ұлттық спорт ойындары жайындағы танымдық еңбек. Жазушы драматургия саласына да қалам сілтеп, он шақты пьеса жазды. Мыңға жуық публистикалық мақала, екі жүздей әңгіме, он шақты повесть, үш романның авторы. Белгілі жазушы Ахмет Жүнісов 1998 жылы 72 жасқа қараған шағында дүние салды...

[caption id="attachment_13057" align="alignleft" width="656"]Жағда Бабалық белгілі этнограф-ғалым, Іле қазақ автономиялы облысының алғашқы әкімі Жағда Бабалық[/caption]
Мысалы, Іле Қазақ автономиялы облысының әкімі болған кешегі Жағда Бабалықтың қандай өмір кешкені туралы айтып жату артық шығар. Үрімжіде Мәдениет министрі болған, Таңжарық Жолдыұлының күйеубаласы Бұхара Тышқанбаев та аудан көлемінен аттап арыға бара алған жоқ. Арғы беттің қазағы аңыз етіп айтатын ақын Нұрсапа Аманжолов пен Естеу Нүсіпбеков те аудандық газетті місе тұтты. Әйтпесе, осы екі қаламгер де өлке орталығы Үрімжідегі Үлкен қызметтен келген болатын. Ал, Ахмет Жүнісовтың даңқы тіптен бөлек болатын.

Иә, мұндай тағдыр иелерін қос қолдап санасақ, онда он саусақ аздық етері анық... өте көп болды. Олар Жоғары Кеңеске депутат болу дегенді ойлаған да, үміттенген де емес. Неге?! «Шеттен келген» деген қоңырауы болды шырылдап қоя беретін.

[caption id="attachment_13059" align="alignleft" width="180"]Жжж Ахмет Жүнісов[/caption]

Міне, құдайға тәубе, Еліміз тәуелсіздік алды. Оған 25 жыл толыпты. Соның арқасында бір миллион қазақ елге оралыпты. Қуанарлық жағдай. Алайда, осы қандастарымыздың ішінде ел тұтқасын ұстар, еліне сәл де болса еңбегі сіңер азаматтар жоқ дейсіз бе?! Бар, бірақ елеусіз... Неге? Жалғыз себеп: орыс тілін білмеуі мен қазіргі билік менталитетін бойға сіңдіре алмауы.

Ойлап қарасаңыздар... алда келе жатқан тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдығына орай, жаңа депутаттық корпустың жинақталуына байланысты - сырттан келген деп "өгейсімей", қандастарымыздың ішінен бір азаматқа бір мандат ұсынуымыз жөн болар еді. Меніңше, көші-қон мәселесінде жар-құлағы жастыққа тимей, жып-жылы жырымен елді жұбатып жүрген - Ауыт Мұқибекті қолдауымыз қажет. Біле білсеңіз... өткен жылдың соңында президентіміз - Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның мінберінен қазақша сөйлегенде... бірінші болып жырдан шашу шашқан да осы - Ауыт ақын еді.

Мен сол қандастардан депутат болса деген тілекті өте дұрыс деп санаймын. Қазақстан кешегі Кеңес Одағы емес, өз еркіндігі өзіндегі ел. Өз қандастарына үрке қарамайтыны тағы белгілі. Бір-екі халық қалаулысы шықса не болыпты. Онда тұрған түк те жоқ! Қайта, шетте өзгенің қол астында жүрген елдің мерейі тасымай ма?! Мемлекетіміздің беделі артпай ма?! Елбасымызға бүкіл дүние жүзіндегі қазақ баласы алғыс айтпай ма?! «Нұр Отан», «Ақжол», «Ауыл» партиялары құрамдарына дарынды, білікті ағайындардан кандидат қосып, қандастарымыздың да, өздерінің де мерейлерін өсірсе, ешкім қарсы бола қоймас. Саяси партиялар сыналар сәт туды... Мәжілісте елге оралған қандастарымыздан депутат болғаны өте дұрыс!

(Автордың "фейсбуктегі" парақшасынан алынды. Тақырыбы өзгертілді)

Ілияс РЫСБЕКҰЛЫ


Рекомендовать
Последние новости