Саяси әлемде көрінбей кеткен Әсет Исекешев көзге түсті

Көркем Алдабергенова 01 нояб. 2024 15:04 6506

Президент әкімшілігін басқарған Әсет Исекешов көзге түсті, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Исекешовтің соңғы рет Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Алайда ол 2023 жылы қыркүйекте отставкаға кеткеннен кейін саяси алаңнан көрінбей кетті. Қазіргі таңда ол Qaztech технологиялық компаниялар Альянсының қамқоршылық кеңесінің төрағасы қызметін атқарып жүр. 

Исекешов 2024 жылдың қазанына дейін ел алдына шықпады. Ол 4 қазанда Қазақстанның инновациялық және технологиялық дамуына арналған "QazTech Future vision" бастамасы аясындағы сараптамалық кездесуді басқарды.

Ал 31 қазанда Әсет Исекешов сауда министр Арман Шаққалиевпен электронды сауда жұмысы бойынша дөңгелек үстел жиынын өткізді. 

Айта кетейік, ескі Қазақстанның тұсында Исекешев түрлі қызмет атқарған. Мысалы Назарбаев билікте болған кезде ол 2016 жылы 22 маусымы, 2018 жылдың 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласының әкімі, 2018 жылдың 10 қыркүйегінен – 2019 жылдың 24 наурызына дейін – Президент әкімшілігінің басшысы, 2019 жылдың 25 наурызынан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының атқарушы директоры болған. 

Ал оған дейін министр, президенттің көмекшісі, премьер-министрдің орынбасары, вице-министр секілді түрлі қызмет атқарған.


Рекомендовать
Последние новости