Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы

Dalanews 07 нояб. 2018 16:49 1145

Бүгін Арыс қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен "Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы" атты акция өтті.

Акцияның негізгі мақсаты шағын және орта бизнес өкілдеріне сыртқы көрнекі ақпарат (жарнама) құралдарын әзірлеу барысында мәтіндерінің сауатты жазылуына, орналасуына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптарын түсіндіру және Қазақстан Республикасының Тіл саясатын насихаттау болып табылады.

Іс-шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары, тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушылары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, кәсіпкерлік бөлімінің жауапты мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Акция барысында қаламыздағы орталық көшелерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда орындары мен жарнамалық нысандарды аралау арқылы атаулары бір тілде және шет тілдерде жазылған сауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заң талаптары түсіндірілді және көшелердің атауы жазылған көше аншлагтарының құжаттарына сәйкес дұрыс жазылуына және эстетикалық безендірілуіне зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Алдағы уақытта акция өз жалғасын табатын болады.

 

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости