Сатыбалды мен Нығматулинді байланыстыратын қылмыстық іс әшкере болды

Көркем Алдабергенова 18 июл. 2024 11:32 5828

Алматыда 5,5 жылға сотталған адвокат Қайрат Жұмағалиевке қатысты істе мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулин мен Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының аты аталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Nege.kz-ке сілтеп.
 
Адвокат Қайсар Жұмағалиев алаяқтық жасағаны үшін істі болған еді. 
"Іс материалдарына сәйкес, Қайсар Жұмағалиев 2016 жылы 300 мың долларға балқаштық кәсіпкер Қуат Сұлтанбековті колониядан босатып беремін деп уәде берген. Кәсіпкердің туыстары "бұл заңсыз әрекеттің" артында ағайынды Нығматулиндер тұрғанын ескерткен. Сол кезде Жұмағалиев Қайрат Сатыбалдымен дос болғандықтан, бұл мәселені шешіп бере алатынын айтқан", - делінген хабарламада. 
Адвокат балқаштық кәсіпкерді әуелі ШҚО-дағы колониядан Алматы облысына ауыстырып беретінін, артынша қылмыстық істі тоқтатуға көмектесетінін айтқан.  

"Ақша 150 мың доллардан екі траншпен алынуы керек болған. Адвокат ақшаның жартысын 2016 жылдың қазанында алған. Ал Жоғарғы сот кәсіпкерді 2023 жылы, яғни адвокат ақшаны алғаннан кейін жеті жылдан соң ақтаған. Нәтижесінде Жұмағалиевтің өзі сотталып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айырылған", - делінген хабарламада.   

Еске салайық, 2022 жылы наурызда Сатыбалдыұлы шетелге қашып бара жатқан жерінен ұсталған болатын.

Ал қыркүйекте Астанада соты Қайрат Сатыбалдыұлын алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, оның мүлкі тәркіленді және 10 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Сот барысында Сатыбалдыұлы "Қазақтелеком" және "Көлік сервис орталығы" компанияларына залалды өтеу ретінде ондаған миллиард теңге төлегені мәлімделді. Тараптар медиативтік келісім жасасты.

2023 жылы желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы 55 миллиард теңгеден аса ақшаны мемлекетке қайтарған болатын. Антикор Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да адамдарға қатысты жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде елден заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті қайтарып жатқанын хабарлаған болатын.


Рекомендовать
Последние новости