Сарыағашта көп қабатты үйлердің мәселесі шешілуде

Dalanews 23 нояб. 2018 14:45 1055

Сарыағаш аудны әкімдігі көп қабатты тұрғын үйлердің мәселені шешу бойынша тиісті бөлім басшыларына арнайы тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда Сарыағаш қаласында 36 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің 2016-2017 жылдары құрылысы жүргізіліп, тұрғын үй комиссиясының қорытындысына сәйкес, аудан әкімдігінің №187 қаулысымен тұрғын үй кезегінде тұрған 36 азаматқа берілген.

Бүгінгі күнде «Қол жетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша 2018 жыл басында жоспарланған Сарыағаш қаласы, Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан 5 қабатты 45 пәтерлі 13 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүргізіліп аяқталғаннан кейін, аталған көп пәтерлі тұрғын үйдің жылу жүйесі орталықтандырылған жылу қазандығына қосу жоспарланған.

Аудандық тұрғын үй комуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметіне сәйкес, жылу қазандығын қосу тұрғындар үшін тиімсіз, себебі, әр отбасыға тек қана жылу үшін 1 бөлмелі пәтерге 44000 теңге, 2 бөлмелі пәтерге 64478 теңге, 3 бөлмелі пәтер иесі 84478 теңгеден төлеуі тиіс болды.

Бұл қаражатты әлеуметтік осал топтағы азаматтар төлеу мүмкіндігі жоқ. Осыған байланысты, қазіргі таңда әлеуметтік осал топтағы азаматтарға коммуналдық төлемді субсидия жасаудың заңдылығы қаралуда.

Сарыағаш қаласында орталық кәріз жүйесі болмағандықтан, уақытша пәтер иелерінің келісімімен септик қазылып, пайдалануға берілген. Көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесін орталық кәріз жүйесіне қосу қарастырылғандығы жөнінде тұрғындарға ескертілген. Қазіргі таңда пәтер иелерінен пәтер ақыларына қосымша ақы алынып ассенизатор машинасы арқылы септик тазалануда.

Қазіргі таңда ҚР ҰҚК ШҚ «2020 Әскери бөлімі» мекемесінің кәріз жүйесіне уақытша қосу үшін Сарыағаш қаласы әкімдігімен тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аталған көппәтерлі тұрғын үй ауыз су жүйесімен қамтамасыз етілген, ауыз су беру қызметін «ҚазСуШар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы «Сарыағаш топтық су жүйесі» өндірістік бөлімшесі атқарады.

Бұл мәселенің шешілуі бойынша қатаң бақылауға алынып, қосымша ақпарат берілетін болады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости