Сарыағашта биыл 600-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлайды

Dalanews 02 апр. 2018 04:37 825

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында көпқабатты 13 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде үй кезегінде тұрған 585 отбасы баспаналы болмақ. Осы жұмыстарға деп қазынадан 5 млрд. 278 млн. теңге қаржы бөлінген.



Жаңа пәтерлер негізінен әлеуметтік көмекке зәру азаматтарға үлестіріледі. Олардың қатарына мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы отбасылар, соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар және жаңадан отау құрған жастар кіреді.

Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен «Ынтымақ Бес-арыс» ЖШС, «Олжа» ЖШС, «Аркуа групп» ЖШС, «Дәулет» ЖШС, ТСК-Рабат ЖШС, Балта-сапар ЖШС айналысады.
Айта кетейік, демографиялық өсу қарқыны жоғары ауданда соңғы 40 жылда мұндай көлемде баспана салынбаған.

Сондай-ақ, Түлкібас ауданында да жалпы сомасы 2415,9 млн. теңгеге көпқабатты 5 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның  1863,5 млн. теңгесі облыстық, қалғаны республикалық қазынадан бөлінген. Жоспар бойынша нысандардың құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталады. Нәтижесінде 256 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Қазіргі таңда аудандағы тұрғын үй кезегіне 1482 азамат тұр.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызмет

 

https://dalanews.kz/34406

Рекомендовать
Последние новости