Сарыағашқа Өзбекстаннан дін мамандары келіп, пікірлесті

Dalanews 22 нояб. 2018 15:12 773

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына арнайы Өзбекстан Республикасынан имамдары келіп, дін мәселесіне қатысты жайттарды талқылады.

Өзбекстаннан келген бір топ имамдар мен дінтанушы мамандарды Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Смаил Тасқұловтың арнайы қабылдауында болды.

Жиын барысында қазіргі таңда белең алып тұрған қоғамдағы керіағар діни ағымдардың алдын алу, экстремизм мен терроризмді болдырмау мәселелері қаралды.

Қазіргі кезде діни фундементализм мен лаңкестік бір ғана аймаққа, бір ғана мемлекетке тән нәрсе болмай отыр. Әлемдік дәрежеде лаңкестікке апаратын діни экстремизм жалғаса түсуде. Түрлі топтар осыны пайдалану арқылы саяси-экономикалық мәселелерді шешуге тырысуда. Бұл ретте Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Қазақстанда терроризм, сепаратизм және экстремизм проблемалары бар. Әсіресе халықаралық терроризмнің кең қанат жайғанын және халықаралық қауымдастық пен аймақтардың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелермен ұштасып, саясиланғанын ескерсек, олардың тарапынан туындаған қауіп ойдан шығарылған емес, нақты және шынайы өмірлік қауіп» деген болатын.  Сондықтан бұл бағытта қырағылық танытудың маңызы зор.

– Бәрі де, түптеп келгенде, қантөгіспен, экономикалық күйреумен аяқталатынын көріп отырмыз. Сондықтан, әлемдегі оқиғаларды ой елегінен өткізіп, қорытынды жасау – қоғамның да, саяси партиялар мен қозғалыстардың да, білім беру жүйесінің де ауқымды дүниетанымдық, рухани жұмысының бір бөлігі, – деп атап өтті Смаил Тасқұлов өз сөзінде. Сонымен қатар, Келген қонақтармен алдағы уақытта кездесулер мен жиындар өткізілетін жеткізіп, көрші елдің дінтанушылар мен имамдарға алғысын айтты.

 

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости