Сарыағаш ауданында қарқынды бау көлемі артып келеді

Dalanews 23 окт. 2017 04:13 1022

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев арнайы жұмыс сапарымен  Сарыағаш ауданына барды.  Өңір басшысы алдымен   Жемісті ауылдық округіндегі «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС-де болып, шаруашылықтың қарқынды бауын аралап көрді.  

[caption id="attachment_31296" align="alignleft" width="400"] Фото. Самат Мырзалиев.[/caption]

2009 жылы құрылған серіктестік 2015 жылдан бастап қарқынды бау егумен айналысып келеді. Бүгінде қожалық иелігіндегі 36 гектар жерге тамшылатып суару әдісімен алмай бау егілген. Мұнда алманың Жерси Мак, Жанжир Голд, Вилямс Прайд, Гала, Голден Делишес, Ред Делишес, Скарлет Спур, Жеромин Гренни Смит, Фунджи, Панк Леди Салтанат түрлері жайқалып өсіп тұр. Жылына  80 млн теңгенің өнімін  өндіретін серіктестікте  30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Облыс әкімі аудан басшысы мен қожалық төрағасына мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан барлық жеңілдіктерді тиімді пайдалануды тапсырды.

– Сарыағаш ауданының табиғи-климаттық жағдайы жемістер мен көкөніс көшеттерін өсіруге өте қолайлы. Сондықтан аталған серіктестік басшылығына мемлекет тарапынан берілетін субсидия мен түрлі несиелік жеңілдіктерді тиімді пайдалану қажет.  Ол үшін

[caption id="attachment_31297" align="alignright" width="350"] Фото. Самат Мырзалиев.[/caption]

тиісті құжаттарды реттеп,  дер кезінде әрекет еткен жөн. Алдағы жылдары климаты мен топырағы сәйкес келетін өзге аудандарға осы тәлімбақта өсірілген көшеттерді жерсіндіру ісін жандандыруды тапсырамын, – деді Жансейіт Қансейтұлы.

Мұнан соң өңір басшысы Сарыағаш қаласындағы аудандық бюджет есебінен  35 млн  теңгеге салынған «Ана мен бала» аллеясын аралап көрді.  Аллеяның негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеп, анаға деген құрметті насихаттау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дамыту болып табылады. Аллеяның құрылысын «Сарыағаш-Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны жүргізіпті.  Жаңа  нысанда облыс әкімі сарыағаштық тұрғындармен кездесіп, өзара пікір алмасты. Жергілікті азаматтар аудандат атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп, ойларын ортаға салды.

[caption id="attachment_31298" align="aligncenter" width="800"] Фото. Самат Мырзалиев.[/caption]

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости