Сарапшы жаңа Салық кодексінің үш даулы тұсын атап өтті

Кәмшат Тілеухан 21 июл. 2025 10:20

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров жаңа Салық кодексіндегі үш даулы мәселені атап өтті. Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғарин мен ҰКП төрағасы Райымбек Баталов қатысқан "Атамекен" ҰКП алаңында қабылданған құжатты түсіндіру жұмыстары кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz LS басылымына сілтеме жасап.

  • Бірінші мәселе - шағын және орта бизнеске қысым болуы мүмкін ҚҚС бойынша алдын ала жасалатын төлем.
  • Екіншісі - әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде емес, яғни тексеру жүргізбестен, салық органдарының бастамасымен азаматтық талап-арыздар бойынша мәмілелердің күшін жою.
  • Үшіншісі - Азаматтық кодекстің ережелерін бұза отырып, кәсіпорындарды тіркеу шарасының күшін жою және оларды жарамсыз деп тану.

"Егер біз осы үш мәселені реттей алатын болсақ, тағы бір мәселенің басы ашық қалады: арнайы салық режимін қолданатын кәсіпорындардың шығыстары шегерімін қабылдаудан бас тарту", – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Нұровтың айтуынша, бағалы қағаздар салық салымымен байланысты тағы бір маңызды кемшін тұс бар. Бүгіндері тек пайдалы бөлік есептеледі, ал шығындар  есепке алынбайды. Оның пікірінше, салық салымына қорытынды сальдо да жатуы керек, яғни кірістер мен шығыстар арасындағы айырма.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне өткен жұмада қол қойып жіберді.


Рекомендовать
Последние новости