Сапарбаев Жамбыл облысына әкім болып келді

Dalanews 10 февр. 2020 14:51 909

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

«Сапарбаев Бердібек Машбекұлы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Жамбыл облысының әкімі етіп тағайындалсын» делінген Жарлықта.


Бердібек Сапарбаев 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1969 жылы «Задаринский» совхозының жұмысшысы ретінде бастаған. 1977 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді. Институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары басқармасында экономист болып еңбек етті.

Түрлі жылдары Бердібек Сапарбаев Президент Аппаратында, Министрлер кабинеті Аппаратында, ҚазКСР Қаржы министрлігінде, ҚР Кедендік бақылау агенттігі мен комитетінде, ҚР Қаржы министрлігінде басшылық қызметтерді атқарған. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімі, экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2019 жылғы тамыздан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

Рекомендовать
Последние новости