Сапалы білім-ұлттың сапасын көтереді

Dalanews 08 нояб. 2023 06:29 1047

Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымы білім беру жүйесінің экономикалық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге мейлінше бейім болуын талап етеді. Әлем қазір «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру бағытында. 

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технология­лардың заманауи талаптарға сай ­дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп ­отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсіл, әдістеме, технологиялар білім беру талаптарына байланыс­ты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дә­режеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндігін пайдаланады. Сол мүмкіндікті нәтижелі қолдану оқытушылардың біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы  жүзеге асырылуда. Ұлттық жоба сапалы білім алуға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Ұлттық жоба әзірлеу барысында қоғам өкілдерімен, білім беру саласындағы сарапшылармен талқыланып, барлық мүдделі мемлекеттік органмен пысықталғаны бәрімізге белгілі.Ұлттық жоба бес міндеттен құралған төрт бағыттан тұрады. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасы білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі мен халықаралық беделін арттыру мақсатында жасалған. Білім – ХХІ ғасырда негізгі капиталға айналды. Әлемнің дамыған елдері осы құндылыққа үлкен мән беріп, білім сапасына бұрынғыдан да жоғары деңгейде көңіл бөле бастағанын байқаймыз. Себебі сапалы білім – экономиканың дұрыс қалыптасуына, қоғамның кемелденуіне, елдің дамуына кең жол ­ашады. 

     Бүгінгі таңда білім саласы бәсекеге қабілеттіліктің өлшеміне айналып отыр. Әлемдегі көшбасшы елдер ең алдымен білім мен ғылымды дамытуға күш салып, зор жетістіктерге жетуде. Осы орайда әр елдің өркендеуіне негіз болатын бірден-бір күш – ол университеттер деп айтар едік. Өйткені онда сапалы мамандар даярланады. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған білікті мамандар да елінің келешегіне өз үлестерін қосуда. Бұл үрдіс бүгінгі күнде де жалғасын тауып келе жатыр. ҚазҰУ дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, заманға сай жаңғыруда. Студенттердің алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған. Осы орайда айта кететін жайт.БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттарының ішіндегі 4-мақсат: «Барлығына сапалы білім» екенін алға тартқым келеді.

Сапалы білім беру жолында заң факультетінің профессорлық-оқытушылар құрамы аянбай еңбек етуде.

 

Забих Ш.А

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу,еңбек құқығы кафедрасының доценті,заң ғылымдарының докторы

 

Абайдельдинов Т.М

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы,з.ғ.к

Рекомендовать
Последние новости