Сапалы білім-бүгінгі заман талабы

Dalanews 02 окт. 2023 09:15 1158

Біз білімді және бәсекеге қабілетті  жастарды қалыптастыруға ерекше мән беруіміз керек. Өйткені білімді және бүгінгі заман талабына толық жауап беретін кәсіби білікті ұрпақ қана Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына тезірек кіруін қамтамасыз ете алады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде мәдениет пен білім ел дамуының құрамдас бөлігі екенін тілге тиек еткен еді.Иә,сапалы білім-саналы ұрпақты тәрбиелейді. Шынында да, қоғам дамуының басты факторы сапалы білімді меңгерген білікті мамандар екені сөзсіз. Бұл бағытта елімізде білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға барынша қолдау көрсетіп, әлеуетін пайдалану көздерін қарастыру керек. Әсіресе ауыл жастары арасындағы таланттарға сапалы білім алу беру тетігін айқындау, оны жүзеге асыру тәсілін белгілеу қажет деп санаймыз.

БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. Тұрақты даму мақсаттары 4 бөлімі сапалы  білім екен алға тартқым келеді. Әр мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуы­ның тағы бір көрсеткіші – әлемдік тәжірибеге сүйенген білімді маман даярлаумен тығыз байланысты.

Білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең – бұл жаңа дәуір , жаңа көзқарасты, жаңашылықты талап ететін уақыт. Соның ішінде , білім саласында болып жатқан жаңа өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Саннан сапаға қызмет ету – бүгінгі талап. Қазір еліміздегі жоғары оқу орындарының жар­тысы ғана түлектерін 60 пайыз­дық деңгейде жұмыспен қамтып отыр. Бұл жоғары көрсеткіш емес.


Осыны ескерген Мемлекет басшысы саны бар, сапасы мардымсыз оқу орындары қысқартылып, бәсекеге қабілетті кадрлар даярлай алатын іргелі оқу орындарына ғана мүмкіндіктер берілетінін қадап айтты Бұл – сөзден іске көшудің айқын дәлелі. Ғылымды дамыт­пай, ұлттың дамуын қам­тамасыз ете алмаймыз. Үкімет бұл мәселені ғылыми-зерт­теу­лердің деңгейін арттыру және оны іс жүзінде қолдану тұр­ғы­сынан қарастыруы керек деді.

Елімізде де білім беру жүйесі санға ғана емес, сапаға негіздеу – бүгінгі күннің басты талабы. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана биікке шығатынымызды ескерсек, бұл мәселе ұдайы назарда болуы тиіс. Бүгінде мұғалімдердің   біліктілігін көтеру жұмыстарын жандандыру және білім сапасын жақсарту жолдары бірізділікпен жүйелі жолға қойылып келеді.Осы жайттарды ескере отыра, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының оқытушылар құрамы сапалы білім беру мақсатында аянбай еңбек етуде. Әр мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дамуы­ның тағы бір көрсеткіші – әлемдік тәжірибеге сүйенген білімді маман даярлаумен тығыз байланысты. Білім саласына қатысты бұл бастамалар ел болашағының кемел болуына, дамыған елдермен тең түсер білікті тұлғалар дайындауға сеп болмақ. Білімге деген жанашырлық – ұлтқа деген жанашырлықтың айқын көрінісі.

 

 

Бискультанова Альбина


әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы


Рекомендовать
Последние новости