Самаш Әбіштің бостандықта болуына Назарбаевпен туыстығы әсер етті ме?

Dalanews 18 янв. 2024 06:20 1210



Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы Ulysmedia.kz сайтының сауалына берген жауабында Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Ожаров мәлім еткен, - деп жазады Dalanews.kz.




Айта кетейік, Самат Әбіш 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін құқық қорғау органдарының назарына түскенімен, ҰҚК төрағасының басқа үш орынбасары секілді қамауға алынған жоқ, бостандықта жүрді. Тергеуге тек куәгер ретінде шақырылды. Әйтсе де К.Мәсімовтің бірінші орынбасары болып тұрғанда, "мемлекеттік төңкеріс жайлы білген жоқпын" дегеніне өзінен басқаның бәрі күмәнмен қарады.

Прокурорлар сол кезде экс-Елбасының інісі ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы, 4-бөлігіне сәйкес, "билікті және қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды" деген күдікке ілінгенін, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен ғана бостандыққа шыққанын хабарлаған еді.

Самат Әбіштің тергеу кезінде қамауға алынбай, бостандықта болғанын қалай түсінеміз? Егер сотта оның кінәсі дәлелденсе, оны қандай жаза күтіп тұр?


Сыбыстар, болжамдар және баспасөз хабарламасы


"Қайғылы қаңтардан" кейін бірден қызметтен қуылған Самат Әбіштің алдағы тағдыры туралы қауесет ақпарат айдынында кең талқыланды. Біреулер оны ұсталыпты десе, енді бірі ол елден қашып кетіпті деген сыңайда әңгіме өрбітті.

2022 жылдың маусым айында Бас прокуратура өкілдері журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Әбіштің белгілі бір қылмыстық іс бойынша «тергеу орбитасында» екенін, мүмкін, байқаусызда, мүмкін, әдейілеп айтып қалды. Сол жылдың шілде айының соңында Самат Әбіштен "Кәрім Мәсімов пен басқа да айыпталушылардың ісі" бойынша жауап алынғаны хабарланды. Бұдан кейін ведомство Самат Әбіш қамауға алынған бұрынғы әріптестеріне қатысты қылмыстық істе куәгер болғанын, ал С.Әбіштің өзіне қатысты қылмыстық іс ұлттық қауіпсіздік органдарында тіркелмегенін, сондықтан бұлтартпау шарасы қолданылмағанын мәлімдеді.

Бас прокуратура 2023 жылдың қыркүйегінде көпшіліктің көкейінде жүрген мәселеге қатысты ақпарат айтты. Еліміздің жоғарғы қадағалау органы өзінің баспасөз хабарламасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Ол қаңтар оқиғасы кезінде билігі мен қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Айтпақшы, бұл ақпарат қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті бесінші басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов сот процесі кезінде «Қантарда» өзіне бұйрық берген басқа емес, дәл осы Самат Әбіш екенін айтқаннан кейін тура бір тәулік өткенде хабарланды.

"Олар маған Самат Әбіштің бұйрығын орындадым деп айтуыма тыйым салды", - деді Руслан Ысқақов сот отырысында сөйлеген сөзінде. 


Кейін Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Самат Әбіштің ісіне қатысты пікір білдірді. Журналистердің сұрақтарына жауап берген ол тергеу «Құпия» грифімен жүріп жатқанын алға тартып, іс барысын егжей-тегжейлі айтпады.

– Іс бойынша тергеу жүріп жатыр, - деді ол.    


– Қандай эпизодтар бойынша екенін айта алмаймын. Мен тіпті білмеймін де. Мәсімов, оның орынбасарлары, Самат Әбіш – бәрі де ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері. Ал бұл жағдайда тек сіздерге ғана емес, маған да көруге рұқсат етілмеген құжаттар бар.

Қойылған сұрақтарға Шыңдалиевтің берген ең шынайы  жауабы – Самат Әбіштің ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғаны жайлы ақпарат.
Ол қазір елде, - деп қысқа қайырды Бас прокурордың орынбасары.

– Астанада ма, Алматыда ма, білмеймін. Құқықтық статусы туралы да білмеймін. Қылмыстық істің барысы жайлы айта алмаймын,  бірақ қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін іс қозғалғаны анық, - деді Шыңдалиев. Журналистердің С.Әбіштің бостандықта болуына Н.Назарбаевпен туысқандығы әсер етті ме деген сұраққа ол «жоқ» деп жауап берді.

Бас прокуратура басшылығы сұраққа жауап беруден қашқақтаған.

Тек айтатындары: "Әбіш С.С.-ның қылмыстық ісі бойынша мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер бар. Осыны ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жарияланбайды" делінген жауап хатта.

Сурет: Ақорда


Рекомендовать
Последние новости