Самар ауданында 15,5 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Dalanews 29 сент. 2023 08:47 1074

Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімі Нұрлан Махамбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында бүгінгі таңда мемлекет меншігіне ауыл шаруашылығы санатындағы 15,5 мың га жер учаскесі қайтарылғанын айтып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Мемлекет меншігіне тағы 20 мың гектар жерді қайтару қажет. Жыл соңына дейін 4,5 мың гектар жерді жоспарлап отырмыз, – деді Самар ауданының әкімі.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы аудан экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.

– Бүгінгі таңда бізде 428 шаруа қожалығы тіркелген. Субсидиялар алу үшін ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 360,9 млн теңгеге 280 өтінім берді. 171,4 млн теңгеге 14 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алған. Сонымен қатар, ағымдағы жылы "Қараөткел" шаруа қожалығы абердин-ангус асыл тұқымды 200 бас ірі қара мал сатып алуды жоспарлап отыр, – деді Нұрлан Махамбетов.


Аудан әкімі брифинг барысында  бүгінгі таңда астықты сапалы және уақтылы жинау бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгінгі таңда астық өнімі 36,7% құрап отыр. Күзгі дала жұмыстарына  1167 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Зауыттық сату бағасы литріне 250 теңгені құрады, – деп толықтырды спикер.

 

Рекомендовать
Последние новости