Салтанат қайтыс болған түн: сотта жантүршігерлік жаңа деректер  айтылды

Көркем Алдабергенова 11 мар. 2024 16:32 5138

Экс министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты соттың алдын ала тыңдауында зардап шеккен тарап Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні не болғанын айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айыптау тарапының мәліметі бойынша, қайғылы оқиға болған түні Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова концертте болған. Ол жерде Салтанат пен Қуандық сөзге келіспей қалған. Артынша екеуі мейрамханаға барған. Ол жерде де жанжал жалғасқан. Салтанат Бишімбаевпен ажырасқысы келетінін ағасына айтқан.

Осылайша Бишімбаев мас күйде Нүкенованың басынан бірнеше рет ұрып жіберген. Артынша аяғымен тепкілей бастаған. Салтанат қашып, бөлмелердің біріне тығылып қалған. Алайда Бишімбаев есікті жұлып алып, қайтадан ұра бастаған. Салтанат бірнеше рет есін жиғанымен Бишімбаев оны ұруын қоймаған.

2023 жылы 9 қарашада Бишімбаев аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін гастроорталықтың директоры Байжановқа хабарласып, еш нәрсе түсіндірместен мейрамханаға келуін бұйырған. Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, Байжанов мейрамханаға келгеннен кейін Нүкенованың жерде жатқанын көрген. Айнала қанға толған. Артынша Бишімбаев екеуі Салтанатты көтеріп, диванға жатқызған. Бірнеше сағаттан кейін Байжанов Салтанат қайтыс болғанын көрген.

Еске салайық, былтыр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен қамауға алынған еді. Оқиға 2023 жылы 9 қарашада Астана қаласындағы BAU мейрамханасында болды.

 

 


Рекомендовать
Последние новости