Сағынтаев жауапсыз мердігелердің жұмысынан халық жапа шекпейтінін айтты

Dalanews 22 мая 2021 07:30 1026

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Медеу мен Түрксіб аудандарына қосылған ықшамаудандардағы инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері жөнінде көшпелі кеңес өткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Думан ықшамауданында ұзындығы 27,4 км болатын 53 көшеге асфальт төсеу үшін негіз дайындалуда. Ең күрделі учаскелерге мән беріп, жұмысшы мен техниканың санын көбейтуді тапсырдым» деп жазды Алматы әкімі.

2020 жылы Думан ықшамауданының Хан тәңірі, Қазығұрт, Қарқаралы, Ақмешіт, Бурабай, Болашақ көшелерінде жалпы ұзындығы 3,1 км, тротуарлар мен арық желілері салынды, жол төсеміне күрделі жөндеу жүргізілді. Қоғамдық көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін терминалдың бұрылу аймақтары абаттандырылды.

Түрксібке тиесілі Нұршашқан ықшамауданында 7 көшеге ірі асфальтбетон төселіп, 18 көшеде негіз дайындалып, 8 көшеге тротуар салынды. Әлмеректегі 9 көшеде, Қайраттағы 7 көшеде негіз дайындалды. Өжет ықшамауданында да жұмыстар жалғасуда. Екі көшеге ірі асфальтбетон төселіп, 6 көшеде негіз дайындалды.

– Барлық учаскелерде жұмысты жандандыру керек. Заңбұзушылықтар орын алса, мердігерлер жауапкершілікке тартылады. Қала тұрғындары баяу жүргізілген жұмыс пен жауапсыз жұмысшылардан зардап шекпеуі тиіс, – деп атап өтті қала әкімі.


Сондай-ақ, талшықты-оптикалық желі бойынша жоғары жылдамдықты интернеттің қолжетімділігі мәселесі шешілуде. Жоба пилоттық режимде Түрксібтегі Нұршашқан ықшамауданы мен Наурызбай ауданына қарасты Тастыбұлақ ықшамауданында қосылды. Қосылуға 8 мыңнан астам өтінім жиналды. Қызмет ақысын бөліп төлеуге болады. Әлеуметтік жағынын аз қамтылған азаматтарға жеңілдетілген пакеттер де бар.

Рекомендовать
Последние новости