Сағынтаев Жапон елшісімен кезікті

Dalanews 08 нояб. 2017 06:16 1187

Сәрсенбіде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Республикасындағы Жапонияның Төтенше және Өкілетті елшісі Итиро Кавабатамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ағымдағы жағдай және Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әскери-техникалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын кеңейту мәселелері талқыланды.
2016 жылы екі ел арасындағы өзара сауда $1,1 млрд (экспорт – 558,6 млн, импорт – 552,9 млн) құрады. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде аталған көрсеткіш $769,1 млн-ға (экспорт – 565 млн, импорт – 203,8 млн) жетті. Қазақстанға жапон инвестицияларының бірлескен түсімі соңғы 10 жылда $6,3 млрд-тан асты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тікелей инвестициялар $470 млн болды.
Қазақстанда жапон капиталының қатысуымен 70-тен астам кәсіпорын бар, олар мұнай мен газ, металлургия, қаржы, тау-кен өнеркәсібі, автомобильдерді көтерме сату, электр байланыс, жабдықтардың көтерме саудасы, ағаш дайындау және логистика сияқты салаларда жұмыс істейді.

Рекомендовать
Последние новости