Риодағы полиция мен есірткі мафиясы арасындағы қақтығыстар: қаза тапқандар саны 130-ға жетті

Асель Қайратқызы 30 окт. 2025 14:53

Бразилияның ең ірі мегаполисі көшелерінде есірткі мафиясы мен полиция арасында нағыз соғыс басталды. Бірнеше күннің ішінде қаза тапқандар саны 130-ға жетті деп хабарлайды Dalanews.kz. DW-ге сілтеме жасап.

«Қызыл команда» бандасына қарсы рейдтер 28–29 қазан күндері Рио-де-Жанейроның солтүстігіндегі Алемао және Пенья фавеласында өтті. Операцияға шамамен 2500 күштік құрылым қызметкері қатысты. Басылымның мәліметінше, бұл — ел тарихындағы ең қанды полиция операциясы.

Осы уақытқа дейін Бразилия билігі 119 адамның қаза тапқанын растады. Адвокаттардың дерегінше, құрбандар саны 130-дан асып кеткен.

Рио-де-Жанейро әкімшілігі 118 қару-жарақтың, оның ішінде автоматтар мен жарылғыш заттардың тәркіленгенін хабарлады. 10 жасөспірімді қоса алғанда, барлығы 113 адам ұсталды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те полиция рейдтері салдарынан қаза тапқандар санына терең алаңдаушылық білдірді. Ол Бразилия билігін адам құқықтарын сақтауға және болған оқиғаны тергеуге шақырды.

Рейдті айыптаған ондаған құқық қорғау ұйымдары да үн қатты, олардың арасында халықаралық Amnesty International ұйымы бар.

Еске салсақ, кеше Риодағы халықаралық әуежай маңындағы фавела ауданында 2,5 мың полиция қызметкері мен арнайы жасақ сарбаздары рейд өткізгені хабарланған еді. Бұл аудан Бразилиядағы ең ықпалды ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірі ретінде қарастырылады.

Нәтижесінде мафия мен полиция арасында нағыз соғыс басталды: есірткі саудасымен айналысатындар полицияның шабуылына жауап ретінде оқ жаудырып, баррикадалар жасап, көліктерді өртеді. Бұл топ арнайы жасаққа жарылғыш заттар тастау үшін алғаш рет әскери дрондарды қолданды.


Рекомендовать
Последние новости