«Рухани жаңғыру» халық мүддесін көздейді

Dalanews 01 нояб. 2017 08:02 853

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында жалпы сомасы 37 млрд. теңге болатын 308 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  

Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы Ащыбұлақ ауылында Сабыровтар отбасы қараусыз жатқан саябақты қайта жаңғыртты. Кербұлақ ауданының тумасы, жеке кәсіпкер Хасан Абуов туған ауылында бастауыш мектеп салуда. Қарасай ауданы Қырғауылды ауылында «Батыр балалар» мемориалды музейі ашылды, оған меценат 465 млн. теңге бөлген. Сонымен қатар Шамалған ауылында әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы 17 отбасы жеке тұрғын үйге ие болды.

Сонымен қатар Алматы облысында «Менің Жетісуым» жерлес-инвесторлар форумын өткізу жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік жобалар қатарының көбеюіне ықпал ететін болады.

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31748

Рекомендовать
Последние новости