Рухани жаңғыру мен патриоттық тәрбие

Dalanews 26 апр. 2018 16:43 916

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасында  рухани жаңғыруға, білім мен ғылымға, мәдениетке үлкен көңіл бөлінген.



Бұл жаңғыру – егемен, тәуелсіз еліміздің болашағы мен келешегі үшін жасалған ең үлкен жұмыс. Соның ішінде кітапханашылар жастарға білім беріп, оларды патриоттыққа тәрбиелеу, бойына адами құндылықтарды сіңіру, баршамыздың міндетіміз. Яғни туған еліміз, жеріміз үшін де өте маңызды.

Патриоттық тәрбиенің басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мәдениетті дамытатын, еліміздің рәміздеріне құрметпен қарайтын, әлемдік деңгейдегі бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тәрбиелеу.

Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі және кітапхана.

Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектептің ұйымдастыруымен «Рухани патриоттық - буккроссинг» атты қалалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Рухани байлығымыз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді оқушы санасына сіңіру, патриоттық  сезімдерін ояту, көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз  оқырманын табуына ықпал ету, оқырмандардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қалалық семинарда  С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері Қайнақаева Азатгүл «Рухани жаңғыру мен патриоттық тәрбие» тақырыбында баяндама оқып, слайд көрсетіп, шараға өз үлестерін қосты.

Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.

 

Бибігүл ШАМЕДЕНОВА, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.

Ақтөбе қаласы.

Рекомендовать
Последние новости