Руслан Берденовке қастандық жасалды: іс сотқа түсті

Көркем Алдабергенова 23 июл. 2025 13:15

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша қылмыстық іс сотқа түсті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдын ала тыңдаулар 28 шілде күні сағат 10:00-ге белгіленді.

Еске салайық, бұған дейін Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлаған едік. 

Әкімдік маңындағы атыс туралы

21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Рекомендовать
Последние новости