Ресейлік бизнес Қазақстаннан жаппай кетіп жатыр – статистика

Көркем Алдабергенова 16 апр. 2025 12:08 213

Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ресейлік компаниялар саны соңғы алты жылдағы ең төменгі деңгейге жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша елде тіркелген ресейлік компаниялар саны – 18,4 мың. Бұл биылғы жылдың басымен салыстырғанда 495 компанияға аз.

Сарапшылардың айтуынша, бұл – 2018 жылдан бергі ең күрт төмендеу. Ресейлік бизнестің кету үрдісі қатарынан төртінші тоқсан жалғасып отыр. Ал бұған дейінгі тоғыз тоқсанда олардың саны тұрақты өсіп келген.

Ең үлкен серпін 2022 жылғы Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін байқалды. 2022 жылдың сәуірі мен 2023 жылдың наурызы аралығында әр тоқсанда екі мыңнан астам ресейлік компания тіркеліп отырған.

Алайда қазір жағдай өзгерген:

  • Сауда саласында жұмыс істейтін ресейлік заңды тұлғалар саны 7500-ге дейін азайды (238 компанияға кем);

  • Ақпарат және байланыс саласында – 2500-ге дейін қысқарған (70 компанияға кем).

Мамандар мұны геосаяси тұрақсыздық, санкциялық қысым және Қазақстан нарығындағы өзгерістермен байланыстырады.


Рекомендовать
Последние новости