Ресейге санкция мерзімі ұзарды

Dalanews 03 мар. 2016 00:14 731



АҚШ президенті Барак Обама Украина оқиғасынан кейін Ресейге салған санкцияны тағы да бір жылға ұзартты.





Ақ үй таратқан хабарламада Ресейдің Украинаға қатысты қазіргі саясаты мен әрекеті бұл елдің бейбіт өміріне, егемендігіне және территориалдық тұтастығына толықтай қауіп төндіріп, демократиялық үдерістердің жүруіне кедергі келтіреді делінген.

Сонымен бірге онда қалыптасқан жағдай АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына төтенше қауіп төндіретіндігі айтылған.

АҚШ санкцины 2017 жылдың 6 наурызына дейін ұзартқан.

Мұнан өзге 2014 жылы Обама Украинадағы жағдайға және Ресейдің Қырымды аннексиялауына байланысты үш құжатқа қол қойған.



Рекомендовать
Последние новости