Ресейдің Алматыдағы консулдығы үндеу жолдады

Қаракөз Амантай 26 февр. 2024 12:59 2960

2024 жылдың 17 наурызында Ресейде президент сайлауы өтеді. Осыған байланысты Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы үндеу жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хабарламаға сәйкес, консулдық Ресей азаматтарын дауыс беруге шақырады.

"17 наурызда Бас консулдықтың аумағында (Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстары, Алматы, Шымкент қалалары) сайлауға байланысты дауыс беру өтеді", - деді Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы.

Дауыс беру 08:00-де басталып, 20:00-де аяқталады.

"Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 4 мекенжайы бойынша Ресей Бас консулдығының ғимаратында орналасқан №8133 сайлау учаскесі мен №8134 сайлау учаскесінде дауыс беруге болады", - деп жазылған басылымда.


Рекомендовать
Последние новости