Ресейдегі президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Dalanews 26 янв. 2024 07:00 1504

Бүгін "Ресейдегі президент сайлауы Қазақстанға қалай әсер етеді" деген тақырыпта дөңгелек үстел өтіп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Sputnik.kz порталына сілтеп.


15-17 наурыз аралығында Ресей Федерациясының президент сайлауы өтеді. Бұл - Ресей мемлекетінің басшысының сегізінші сайлауы. Оған 11 үміткер тіркелген. Оның ішінде қазіргі президент Владимир Путин де бар. Жаңа көшбасшы алты жылға — 2030 жылға дейін сайланады.


Ресейдегі сайлау нәтижелері Қазақстанға қалай әсер етеді? Президенттік сайлаудан кейін Ресей одақтастармен қалай қарым-қатынас орнатады және бірінші кезекте қандай мәселелерді шешеді? Кездесуге қатысушылар осы және басқа да сұрақтарға жауап береді.


Спикерлер:


Әлібек Тәжібаев – "Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығының директоры;


Наталья Калашникова – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ҚХА кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы;


Жанар Бұқанова – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығының басшысы.


Рекомендовать
Последние новости