Ресейде соғыста өлген қазақтардың суреті көшеде ілулі тұр

Dalanews 06 нояб. 2023 10:17 1196

Астрахан облысында Украин жерінде қаза тапқан қазақтардың суреті көшедегі баннерлерге іліне бастады деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұлардың қатарында аға сержант Асқар Шамбузов, майор Әли Батыров және Мірхат Оспанов бар. Бізге жеткен мәлімет бойынша мобилизация кезінде майданға аттанған өңірдегі қазақтартың көпшілігі оққа ұшып, бөгде елдің топырағын тыңайтқан.

Бір ғана Астрахан облысында майдан даласынан табытқа оралған 400 қазақтың мәйіті жеткізілген.


Бұған дейін "Азат Бурятия" қоры Ресейдегі бұратана ұлттардың көпшілігі (соның ішінде Сібір халықтары) Украин жерінде қойша қырылып жатқанын хабарлаған еді. Айта кетелік, Астрахандағы қазақтардың үлесі салмағы 16-17 пайыздың үстінде.



Кремль соғыста ажал құшқан жауынгерлердің нақты санын әлі күнге құпия ұстауда. Ал Астрахандағы қазақтардың наразылығы күн өткен сайын күшейіп, соғысқа қатысты риторика өзгеру үстінде.

Бұған дейін осы өңірде тұратын Руслан Шынтас есімді қазақ желідегі парақшасында: "Қаза болғандар саны жөнінен біздер (қазақтар, ред.) буряттардан, дағыстардан, татарлардан және башқұрттардан асып түстік» деген жазба қалдырған.

Оның айтуынша, Астарахандағы қазақтардың соғыстан аттанған өзге амалы жоқ. Себебі, өңірде ксенофия асқынып тұр. Жалақысы жоғары жұмысқа азиаттарды жолата бермейді, негізінен сляван тектес ұлт өкілдеріне басымдық беріледі.



Айта кетелік, Ресей президенті Владимир Путин "орыстілді орта қуғын-сүргінге көруде" дегенді желеулетіп өткен жылдың ақпан айында Украинаға басып кірген. Киевті үш күннің ішінде жауламақ болған Кремль содан бергі уақытта қып-қызыл шығынға батып, халықаралық санкциялардың құрсауына түсті. Мәскеудің агрессиясы кесірінен мыңдаған адам опат болып, миллиондаған адам босып кетті.

Рекомендовать
Последние новости