Ресей азаматтары Түркиядан жаппай көшіп жатыр

Сағыныш Сардарова 11 авг. 2025 13:55

БАҚ-та Ресей азаматтары Түркиядан жаппай көшіп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Kursiv.Media мәліметінше, Түркияда тұратын Ресей азаматтарының саны 2023 жылдан бері шамамен екі есеге азайған. Екі жыл бұрын осы елде Ресейдің 154 мың азаматы болса, қазір бар болғаны 85 мың адамы қалған. 

Анкарадағы елшілік осы елде тұрақтаған азаматтар азайып келе жатқанын атап өткен.

Релоканттардың Түркиядан жаппай көше бастауының бірнеше себебі айтылды. Басты себеп – баға, әсіресе, баспана құны көтерілуі. Қазір Түркияда инфляция шамамен 33% болған. Жылжымайтын мүлік 30%-ға қымбаттаған.

Бұған қоса Ресей азаматтары үшін уақытша тұруға рұқсат мерзімін созу қиындаған.

"Таныстарымның көбі туристік аймақтарда (Анталья, Алания), сонымен қатар, Ыстамбұлда тұрады. Олар уақытша тұруға рұқсат ала алмай жүр. Түркияда 5-10 жыл тұрған азаматтар да. Жеке баспанаң бар болса да, рұқсат бермей қоюы мүмкін", – дейді Ирина Неплюева "Известия" басылымына.


Рекомендовать
Последние новости