Freedom Holding Corp. 2026 фискалдық жылғы І тоқсанның қаржылық нәтижелерін жариялады, компания үшін ол ағымдағы жылғы 30 маусымда аяқталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Негізгі көрсеткіштер мынадай серпін көрсетті:
- Есепті кезеңдегі түсім 533,4 млн АҚШ долларын құрады, оның бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 78,4 млн АҚШ долларына (17%) өсуі бағалы қағаздармен жасалған операциялар бойынша таза пайданың ұлғаюы есебінен болды. Оған қоса, түсімнің оң серпініне зейнетақы аннуитеті және жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шарттар санының ұлғаюына байланысты қайта сақтандыруды шегергенде тапқан сақтандыру сыйлықақылары көлемінің өсуі әсер етті. Сондай-ақ басқа еншілес компаниялардағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өсуі оң әсер етті.
- Freedom Holding Corp. компаниясының таза пайдасы 30,4 млн АҚШ долларын құрады. Холдинг акциясының пайдасы 0,51 АҚШ долларын құрады*.
- Холдингтің активтері 9,9 млрд АҚШ долларынан 9,7 млрд АҚШ долларына азайды (-2%). Міндеттемелер 8,5 млрд АҚШ долларын (-3%) құрады.
2026 фискалдық жылғы І тоқсанда демеушілікке жұмсалған шығыс 6.5 млн АҚШ долларына ұлғайды. Оған Топтың еншілес компаниялары арқылы жүзеге асырылған бірнеше жарна кірді. Есепті кезеңде неғұрлым айтарлықтай демеушілік салым Қазақстанның QJ League жасөспірімдер футбол лигасына жұмсалды.
Есепті кезеңде клиенттер қоры әрі қарай өсті: брокерлік шоттар 725 мың (+43 мың), сақтандыру компанияларының клиенттері 1,4 млн (+226 мың), көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар 3,0 млн (+412 мың).
2025 жылғы 26 маусымда S&P Global Ratings халықаралық агенттігі Холдингтің негізгі еншілес компаниялары: «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global PLC, Freedom Finance Europe Ltd және «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері бойынша болжамды «тұрақтыдан» «позитивті» болжамға қайта қарап, тәуекелді басқару және комплаенс жүйесін нығайту аясында ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В+/В» деңгейіндегі рейтингтерді растады. Ұлттық шкала бойынша «Фридом Финанс» АҚ пен «Фридом Банк Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері «kzBBB»-тен «kzBBB+»-ке дейін көтерілді. Freedom Holding Corp. компаниясының рейтингі «В-» деңгейінде расталды.
Сондай-ақ, Freedom Holding Corp. компаниясы акцияларының 2025 жылғы 27 маусымда америкалық нарық жабылғаннан кейін күшіне енген жыл сайынғы қайта теңгерімдеу шеңберінде Russell 3000 индексіне қосылуы маңызды оқиға болды. Russell 3000 индексі АҚШ-тың инвестицияланған акциялар нарығының шамамен 98%-ын құрайтын 3,019 ең ірі америкалық компаниялардың серпінін қадағалайды.