Биылғы грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Сағыныш Сардарова 07 авг. 2025 15:11

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттары иегерлерінің тізімін жариялады,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Конкурс қорытындысы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 99%-ға игерілген.

Биыл «Серпін» бағдарламасы халық тығыз қоныстанған өңірлердің жастары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Конкурс нәтижесі бойынша 2 мыңнан астам грант иегері Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында білім алатын болады.

2025 жылғы мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 113 мыңға жуық өтініш қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп. Сондай-ақ гранттарды бөлу кезінде әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін заңнамада белгіленген квоталар сақталады. Дарынды жастарды қолдау мақсатында конкурссыз берілетін гранттар қарастырылған, олар – халықаралық олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары. Бұдан бөлек, министрлік жоғары білімге қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған қосымша тетіктерді енгізді. 

Тізімді мына жақтан көруге болады.


Рекомендовать
Последние новости