2025 жылғы 11 тамызда Банк ЦентрКредит (БЦК) Қазақстанның банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасы аясында мемлекеттен алынған 30 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
БЦК 2017 жылы екінші деңгейлі банктер арасында ең аз мемлекеттік қолдау алған банктердің бірі болды – 60 млрд теңге, бастапқы қайтару мерзімі 2032 жылғы қараша айына дейін белгіленген еді.
Қаражат үш кезеңде бөліп қайтарылды:
- 2024 жылғы желтоқсанда – 20 млрд теңге,
- 2025 жылғы сәуірде – 10 млрд теңге,
- 2025 жылғы тамызда – 30 млрд теңге.
Айта кетсек, Банк ЦентрКредиттегі Бақытбек Байсейітовтың үлесі 2025 жылдың II тоқсанында 51,76%-ға дейін ұлғайды. Бұл өзгерістер банк акцияларын кері сатып алу есебінен жүргізілді.
Қазақстан қор биржасының мәліметінше, шілде айында Байсейітовтың үлесі сәуір айының басымен салыстырғанда 48,47%-дан 51,76%-ға дейін өскен. Алайда оның иелігіндегі акциялардың саны өзгермеген – 91,1 млн дана. Сонымен қатар, банктің екінші ірі акционері Владислав Лидің үлесі де 11,16%-дан 11,92%-ға дейін артты.
Бұған дейін Банк ЦентрКредит 2017 жылы мемлекеттен алған көмек ақшаны мерзімінен бұрын жапқалы жатқанын жазғанбыз. Сондай-ақ сайтымызда "Өкіртіп табыс тапса да мемлекеттен алған қарызын қайтармай жүрген қай банктер" деген мақала жарияланған болатын.