2 пәтер, 4 көлік сатып алған: шығыста электр энергиясына қатысты схема әшкере болды

Сағыныш Сардарова 11 авг. 2025 12:50

Шығыста электр энергиясына қатысты схема әшкере болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 9 млрд теңгеден аса сомаға электр энергиясын заңсыз сату дерегін анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес майнинг кәсіпорындарына электр энергиясы тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана сатылуға тиіс.

Алайда энергиямен жабдықтаушы бірқатар компания екі жыл қатарынан халыққа, әлеуметтік нысандар мен стратегиялық маңызы бар кәсіпорындарға арналған электр энергиясымен майнинг кәсіпорындарын заңсыз түрде қамтамасыз етіп келген.

"Жалпы қолды болған электр энергиясының көлемі 50 мегаватт-сағаттан асады. Бұл - 50-70 мың халқы бар қаланың энергия тұтынуымен тең көрсеткіш. Қылмыстық жолмен алынған табысқа ұйымдастырушы елордадан 2 пәтер және 4 көлік сатып алған. Олар сот санкциясымен бұғатталды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

 


Рекомендовать
Последние новости