Ресей AZAL әуе компаниясының ұшағының апаты үшін жауапкершілікті мойындаудан бас тартып, кінәні Украинаға артты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Росавиация басшысы Грозный әуежайында апат болған сәтте «қалың тұман болғанын» айтты. AZAL әуе кемесінің командирі екі рет қонуға тырысып, бірақ әрекеті сәтсіз аяқталған. Өкілдің айтуынша, содан кейін «ұшақ командиріне басқа әуежайларға қону ұсынылған, бірақ ол Актауға бет алуды таңдаған».
“Сол күнгі және сол сағаттардағы Грозный әуежайы маңында жағдай өте қиын болды. Украинаның әскери дрондары сол уақытта Грозный мен Владикавказ қалаларындағы азаматтық инфрақұрылымға террористік шабуылдар жасаған. Осыған байланысты Грозный әуежайы аймағында барлық әуе кемелерін бұл кеңістіктен дереу шығаруды қарастыратын «Ковер» режимі енгізілді”, – деді Росавиация басшысы Дмитрий Ядров.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ құлады. Осыған байланысты ТЖМ түсініктеме берді.
"Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Оқиға орнына келген бойда әуе кемесі жанып жатты. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті", - деді олар.
Ал әзербайжандық БАҚ-тың хабарлауынша, бортта 67 адам мен 5 экипаж мүшесі болған.