2024 жылдың қараша айында ақша айырбастау орындары жеке тұлғалар мен бизнеске 228,1 млрд теңгеге көлемінде доллар сатты. Бұл - бір ай бұрынғы көрсеткішке қарағанда 34,1%-ға және жыл басынан бергі тіркелген ең жоғары көрсеткіш, деп жазады Dalanews.kz.
Ұлттық банктің мәліметінше, қараша айында АҚШ долларымен болған сауданың басым үлесі үш мегаполиске тиесілі: Алматы (63,6 млрд теңге), Шымкент (57,4 млрд теңге) және Астана (27,3 млрд теңге). Ал евро сатылымы бір айдың ішінде 27,3%–ға-22,8 млрд теңгеге дейін өсті, ал рубль, керісінше, 55,6%–ға, яғни 8,8 млрд теңгеден 4,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Сондай-ақ ағылшын фунт стерлингінің сатылған көлемі 13,4%-ға, яғни 256,5 млн теңгеге және қытай юані бойынша сауда 19,3%-ға азайып, 124 млн теңгеге дейін азайды.
Ұлттық банктің мәліметінше, қараша айының басында 1 АҚШ доллар бағамы 488 теңгені, ал айдың аяғында 511,22 теңгені құрады. Бір ай барысындағы өсім 4,7% құрады. Сонымен қатар, қараша айының басында Ресейдің 1 рублі 5,03 теңге, ал соңына қарай 4,73 теңге (-6%) болды.
Салыстырмалы түрде алсақ, 2023 жылғы қарашада ақша айырбас орындарының доллармен жасаған сауда-саттық көлемі 234,6 млрд теңгені құрап, қазіргі мәннен біршама артық болған.