"Қызылорда - Арал". 2025 жылы елімізде тағы 10 жол учаскесі ақылы болады

Кәмшат Тілеухан 27 дек. 2024 15:07 519

2025 жылы еліміздегі ақылы жолдардан түсетін табыс 60 млрд теңгені құрайды деп күтіледі. Бұл болжаммен Көлік министрлігі бөлісті, деп жазады Dalanews.kz.

2025 жылы I-тоқсанда ұзындығы 2,2 мың шақырымды құрайтын 10 учаске ақылы болмақ. Бұл туралы Көлік министрлігінің LS басылымы жолдаған сауалға берген жауапта айтылады. 

Сонымен 2025 жылы І-тоқсанда ақылы болатын жол учаскелері мыналар: 

  • Қызылорда – Арал (455 км),
  • Ақтөбе – Мәртөк (92 км),
  • Қостанай – Троицк (163 км),
  • Ақтау – Бейнеу (454 км),
  • Қостанай – Денисовка (169 км),
  • Шу – Бурылбайтал (184 км),
  • Үшарал – Достық (180 км),
  • Балқаш – Бурылбайтал (91 км),
  • Қандыағаш – Мақат (385 км),
  • Тараз қаласын айналып өтетін жол учаскесі (57 км).

Құзырлы ведомство мәліметінше, елімізде қазіргі уақытта ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 17 жол учаскесі бар. 

"Жыл басынан бері ақылы жолдардан түскен сома 48 млрд теңгені құрайды. Ал 2025 жылы бұл көлем 60 млрд теңгеге жетеді деп болжанады", - дейді министрліктегілер.

 


Рекомендовать
Последние новости
Соңғы рейс...
27 дек. 2024 12:15