Бағдат Мусин – Қазақстандағы ең танымал әрі озық ойлы шенеуніктердің бірі. Оның кәсібилігі, инновацияларға ұмтылысы және нәтижеге бағытталған қызметі елдің цифрлық экожүйесін түбегейлі өзгертіп, Қазақстанды цифрландыру саласында әлемдік көшбасшылар қатарына шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Шенеунік Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалған сәттен бастап, Қазақстанды Орталық Азияның цифрлық хабына айналдыруды мақсат етті. Оның негізгі бағыты азаматтар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдетуге, бюрократиямен күресуге және интернет арқылы негізгі қызметтерді қолжетімді етуге бағытталды.
Оның тәсілдері мына қадамдарды қамтиды:
1. Электронды үкіметке (eGov) толық көшу
Осылайша мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы онлайн режимде қолжетімді болып, үдерістердің ашықтығы артып, сыбайлас жемқорлық қаупі азайды.
2. Big Data интеграциясы
Мемлекеттік құрылымдардың жұмысын оңтайландыру мен болжамдау үшін деректерді интеллектуалды талдау жүйелері енгізілді.
3. Негізгі үдерістерді автоматтандыру
Мысалы, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды беру жүйесін цифрландыру немесе қала құрылысы кадастры жүйесін автоматтандыру жүзеге асырылды.
“Қазақтелекомды” жаңғыртудағы орны
Цифрландырудың көшбасшысы ретінде Бағдат Мусин байланыс инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударды. Қазақстанның ең ірі байланыс операторы “Қазақтелеком” цифрлық күн тәртібін іске асырудың басты құралына айналды.
Оның бастамасымен телекоммуникация инфрақұрылымы дамыды. Оптикалық талшық технологиясына көшу арқылы желілер жаңғыртылып, шалғай өңірлерде жоғары жылдамдықты интернет қамтамасыз етілді.
Интернет қолжетімді бола бастады
Ұлттық бағдарламалар аясында оның күш-жігерінің арқасында 2 миллионнан астам қазақстандық ауылдық аймақтарда жоғары жылдамдықты интернетке қосылды.
Цифрлық экожүйе жеңілдеді
“Қазақтелеком” арқылы бизнеске арналған бұлтты шешімдер мен мемлекеттік қызметтерді порталдар мен мобильді қосымшалар арқылы алу мүмкіндігі енгізілді.
Цифрландыру – ұлттық басымдық
Бағдат Мусиннің басшылығымен Қазақстан халықаралық рейтингтерде көш бастады. 2024 жылы еліміз БҰҰ-ның Онлайн қызметтер индексі (Online Service Index) бойынша әлемдегі үздік 10 мемлекеттің қатарына енді. Бұл барлық деңгейде цифрлық технологияларды енгізу мен үдерістерді автоматтандырудың арқасында жүзеге асты.
Негізгі бастамалары:
- “Цифрлы Қазақстан” бағдарламасы
Бұл бағдарлама елдің жаһандық цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
- Мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді алу үшін “бір терезе” жүйелері
- Жасанды интеллект пен блокчейн шешімдерін дамыту
Мусиннің алдағы мақсаты
Бағдат Мусин Қазақстанның цифрлық жаңғыруының себепкеріне айналды. Оның тәсілінің негізі – цифрландыру тек технология енгізу ғана емес, ойлау жүйесін өзгерту, азаматтардың өмірін жеңілдету және ашық мемлекет құру екендігін түсінуде.
Оның мақсаты– Қазақстанды Орталық Азия мен әлемнің жаңа стандарттарын белгілейтін жаһандық цифрлы ойыншыға айналдыру. Бағдат Мусиннің табандылығының арқасында Қазақстан технологиялардың көмегімен халықтың өмірін жақсартып, экономиканы дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға болатынын дәлелдеді.