Құмар Ақсақалов Қарағаш ауылның тұрғындарымен кездесті

Dalanews 26 сент. 2022 02:22 1141

Бүгін Солтсүтік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов Тайынша ауданына қарасты Қарағаш ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл халқының әлеуметтік жағдайымен танысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz СҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы Қарағаш ауылының тұрғындарымен кездесуінде өзекті мәселелерді бірлесіп талқылады. Өз кезегінде Құмар Ақсақалов ауылдың  кіреберіс жолын, су тарату желілерін жөндеуден өткізуге уәде берді.

Жүздесуде облыс әкімі ауылды дамытуға барынша үлес қосып жүрген фермер Сергей Звольский алғысын білдірді.

Сергей Звольский жетекшілік жасайтын «Астық СТЭМ» ЖШС Қарағашта 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз ететін сүт фермасын салуда. Серіктестіктің ауданда 5 көкөніс қоймасы бар. Шаруашылықта тамшылатып суару әдісі қолданылып, шығымдылық бірнеше есе өсуде. Биыл бір гектардан 80 тонна сәбіз, 35 тонна картоп жиналды. Бір маусымда 80 адам көкөніс өсірумен айналысады.



Ауданда Тайынша мен Вишневкада екі мектеп салынуда. Сонымен қатар, қаладағы «Береке» ықшамауданында мектеп-интернатының құрылысы басталды. Алдағы жылдары облыста барлығы 6 мектеп салынады.

Рекомендовать
Последние новости