Құлыбаевтың 334 миллион доллары мұнайшылардың мәселесін шешуге берілуі керек - Оразалы Ержанов

Көркем Алдабергенова 29 февр. 2024 11:38 13758

Қазақстан баспасөз клубында "Елге қайтару" қоғамдық қорының директоры Оразалы Ержанов ҚР Премьер-Министрі мен уәкілетті органдарға жаңа үндеу жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видео "ГиперБорей" YouTube-арнасында пайда болды. 

Оразалы Ержанов Құлыбаевтың 334 миллион доллары мұнайшылардың мәселесін шешуге берілуі керегін айтты. 

"Елге қайтару" қоры мәселенің түп-төркінін 2011 жылы "ҚазМұнайГаз" ҰК-ның "Ақтаунефтесервис" ЖШС жарғылық капиталындағы 100 пайыздық үлесін сатып алу туралы мәміленің бұзылуынан көреді. Тікелей сатып алушы "ҚазМұнайГаз" ҰК еншілес кәсіпорны болды. Мәміле құны 334 миллион доллар.

"Бүгін Маңғыстаудағы қазақ азаматтарының аязда еңбек талаптарымен тұрғанына бүгін 74-ші күн. Олардың мұңына біздің де қабырғамыз қайысады. Сондықтан біз бірінші жіберіп отырған арызымыз - мемлекет басшысына, құқық қорғау органдарының басшыларына. Себебі бұл мәселенің түбі 2011 жылы болған жемқорлық жағдайында жатыр деп ойлаймыз. Бұған дейін "АктауНефтеСервис" деген компания болған. Ол "ҚазМұнайГаздың" еншілес компаниясы болған. Бұл ақпарат кезінде интернетте шықты, бәрі ашық тұрған ақпарат. Яғни компанияны кезінде Тимур Құлыбаев бұрынғы иесінен тартып алып, сосын 2011 жылы "АктауНефтеСервис" компаниясы "ҚазМұнайГазға" 334 миллион теңгеге сатылған. Артынша олар бұл істің ізін жабамыз деп халықты жұмыстан да шығарды, өздері сатып алған нәрсені жекешелендіріп, оны сатып жіберді. Соңында зарлап қалғаны - сол жерде істеп жүрген азаматтар", - дейді Оразалы Ержанов.

Ол 2017 жылы БТА банк пен "Казкоммерцбанкті" құтқару керек деп мемлекеттен 2 триллион 600 миллиард теңге ақшасы бөлінгенін айтады.

"Оның қызығын көрген - Назарбаевтың қызы мен күйеубаласының меншігіндегі банк - Халық банк. Бұлар ол операцияларды жасағаннан кейін олардың байлығы 2 миллиард долларға өсіп шыға келді. Оған ешқандай сараптама жасалмаған, бағасы белгіленбей, 2 триллион 600 миллиард теңге бөлініп кеткен. Осының бәрі тексерілсін. Егер ақша ұрланса, бәрін жауапқа тартып, елге келтірілген зиян өтелсін деп үндеу жасап отырмыз", - дейді Ержанов. 


Рекомендовать
Последние новости