Қостанайда полиция екі шетелдік дропперді ұстау операциясын жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ІІМ мәліметінше, шілде айынан бастап Қазақстанға келген 30 жастағы көршілес елдің азаматы Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларында алаяқтар жымқырған ірі көлемдегі ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Кейін ол ақшаны Тelegram арқылы "кураторлар" жіберген банк карталарына аударған.
“Оның 21 жастағы көмекшісі өзінің қылмыстық әрекетін сыбайласынан тәжірибе жинау арқылы бастаған. Екеуі де қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталды. Жеке тінту барысында олардың жалдамалы пәтерінде полиция қызметкерлері үшінші тұлғалардың телефондары мен банк карталарын тәркіледі”, - делінген мәліметте.
Ұсталғандардың бірнеше алаяқтық фактісіне қатысы бар екені анықталды. Полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр.