Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысының уақытын жариялады

Dalanews 17 янв. 2024 11:37 1514

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібі жарияланды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 19 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын”, – деп жазылған өкім мәтінінде.


Алайда Мәжілістің баспасөз қызметі күн тәртібінде  қандай мәселелердің қарастырылатынын нақтыламады.


Естеріңізге сала кетейік, соңғы Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылы 20 маусымда өтті.


Рекомендовать
Последние новости