Қос вице-министр депутат Зайытовқа жақпай қалды

Сағыныш Сардарова 18 сент. 2024 09:53 1566

Мәжілісте депутат Ринат Зайытов заң жобасын ресми тілде таныстарған министрлердің орынбасарларына шүйлікті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжілісте ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулер құжатын орыс тілінде түсіндірді.

Артынша Ринат Зайытов оларды қазақ тілін қорламауға шақырды.

"Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында "Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді" деп анық айтқан. Бәлкім, Евгений Кочетовқа, Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Зайытовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты – Әміре, өзінің аты – Азамат, әкесінің аты – Біржан, өзінің аты – Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында 2 сөйлем, соңында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, мемлекеттік тілімізді қорламауға шақырамын", – деді депутат.

Вице-министр Ержан Біржанов заң жобасын бірнеше мәрте қазақша түсіндіргенін мәлімдеді.

"Еркертуіңізді түсіндік. Мен екі тілде бірдей айта аламын. Салық кодексі болғандықтан кейбір спецификалық терминдер бар. Сондықтан орысша айттық", – деді ол.


Рекомендовать
Последние новости