"Қорғастың" ашылуы мен Юань көктемі. Қытайға бет бұру.

Dalanews 25 апр. 2023 01:52 1183

Бүгін "Қорғас" халықаралық сауда орталығы қайта ашылды. Ол 2020 жылы пандемия кезінде жабылып қалған болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақ-Қытай шекарасының ашылуы, визалық шектеулердің алынып тасталуы екі ай бұрын Қазақстанның бас импортері атанған Қытайдың осы позициясын жақсы күшейте түсетіні анық.

Біз Ресейден толық Қытайға бұрылдық. Осы ретте мұнай бағасымен қатар теңге курсына әсер ететін екінші фактор – сыртқы сауда балансына қатысты сұрақтар туындайды.

2022 жылы сыртқы сауда профициті 36,3 миллиард долларды құрады. Яғни, баланс жағымды болып, біз экспорттаған тауар бағасы импорттан 36,6 миллиард долларға асты.

Жағымды баланс ұлттық валютаның күшті болуын қамтамасыз етеді.

Биыл жағымды баланстан айрылып, сауда балансында дефицит болатын түрі бар.


Қытайдан көбейетін импорт инфляцияның төмендеуіне себеп болса да, теңге бағамын сәл құлдырататынын болжай аламыз.

Үкімет үшін ұлттық валютаның идеалды курсы – долларына 470 теңге. Бюджет осы параметрмен жасалған болатын. Және теңге сол межемге тез жете алады.

Елде юаньмен операция көбейетіндіктен, және Ресейдің валюталық корзинасы юаньға ауысқандықтан, Қытай ақшасы курсының өсу мүмкіндігі жоғары. Себебі, сұраныс артатыны көрініп тұр.

https://dalanews.kz/news/88594-buqtyrma-zhagalauynda-turizm-3-kezengde

Рекомендовать
Последние новости