"Қорғаста" жасырын жұмыс істеген казино мен жезөкшелер притоны анықталды

Қаракөз Амантай 05 апр. 2024 11:26 8745

"Қорғас" ШЫХО аумағының Қазақстанға тиесілі бөлігінде 6 жасырын жұмыс істеген казино мен жезөкшелер притоны анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Заңсыз бизнесті Қытай азаматтары ұйымдастырған. Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті бұл орындарды облыстық прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесіп жойды.

Астыртын ойын мекемелері түнде тек қытайлықтар үшін жұмыс істеген. Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажет көптеген техникалық құрал-жабдық, сондай-ақ 60 мың юаньнан аса ақша табылып, тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.


Рекомендовать
Последние новости